5.5. Газбен қамтамасыз ету жүйелері

 

Өнеркәсіптік тұтынушыны жаңғыш газдармен қамтамасыз етуге газбен қамттамасыз ету жүйелері құрылады. Оның міндеті – газды өндіру, сақтау, тасымалдау, тарату сияқты функциялармен байланысты. Бұл жүйеге – көптеген құбырлар, газды тарату, араластыру сақтау қондырғылар жүйесі кіреді. Ал жүйенің мақсаты:

- табиғи газды магистралды (қалалық) газ құбырынан қабылдап, кәсіпорынға (тұтынушыға) белгілі режимде жеткізу;

- кәсіпорнындағы автономиялық жүйеге жасанды жаңғыш газды қабылдау, яғни технологиялық үрдіс нәтижесінде пайда болғандықтан, оларды тазарту, тасымаладау, сақтау, тұтынушыға жеткізу;

- жасанды жаңғыш газды өндіру, оларды тазарту, тасымаладау, сақтау, тұтынушыға жеткізу.

Газбен қамтамасыз ету жүйелері тұтынушыны газбен үздіксіз қамтамасыз етеді, оның қолдану қауіпсіздігін қадағалайды, керек жағдайда газ беруді тоқтату жолдарын, тұтынушыны резервті отынмен қамтамасыздандару жағдайларын ойласытырып, іске асырады. Жаңғыш отын ретінде кәсіпорындарда (мұнайхимиялық, химиялық) әдетте табиғи газ, ал ол алыс орналасса газ қатты отыннан немесе мұнай өнімдерінен өндіріледі.

Газбен қамттамасыз ету жүйелерінің құрылымына, жататын тобына қарай бөлінеді:

1 топ – тек жанғыш газ тұтынатын кәсіпорындар;

2 топ - өзі газ өндіретін кәсіпорындар, бірақ өнім көлемі тұтыну көлеміне жетпейді;

3 топ - өзі газ өндіретін кәсіпорындар, бірақ өнім көлемі тұтыну көлемін толығымен қамтамасыз етеді;

4 топ - өзі газ өндіретін кәсіпорындар, бірақ өнім көлемі тұтыну көлемінен әлде қайда жоғары.

Тұтынушының газ қолдануы схемасы бойынша:

- бір сатылы – қолданатын газ қысымы 0,005 МПа-дан төмен;

- екі сатылы – қалалық жүйеде орта қысым 0,005 - 0,3 МПа, жоғары қысым 0,3 - 1,2МПа мөлшерінде сақталады, ал кәсіпорнға одан төмен деңгейде қажет;

- үш сатылы - қалалық жүйеде жоғары қысым, тұтынушыға жоғары, орта, төмен қысым қажет.

Екінші, үшінші, төртінші топтағы кәсіпорындарда жасанды газбен қамтамасыз ететін автономиялық жүйе орнатылады. Домна газы (қысымы 0,25 - 0,35 МПа) тазартылып, арнайы турбинадан өтіп, заводтың газ жүйесіне қосылады. Коксты газда тазартылып, қысымы көтеріліп, тұтынушыға жеткізіледі.